«Астана» УЕФА клубтар рейтингінде өз орнын сақтап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде өз орнын сақтап қалды.

«Астана» УЕФА клубтар рейтингінде өз орнын сақтап қалды

Еуропа Лигасында «Олимпиакоспен» (1:1) тең түскен «Астана» УЕФА клубтар рейтингінде 121-орында өзгеріссіз қалды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» активінде 14.700 балл бар. «Олимпиакос» та өз орнын өзгертпей 25-орында қалды (59.180).

Тізімде мадридтік  «Реал» көш бастап тұр - 151.685.