08:55, 09 Желтоқсан 2016 | GMT +5
«Астана» УЕФА-ның клубтық рейтингінде екі саты төмендеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа лигасы топтық кезеңінің соңғы матчтарын қорытындылай келе, УЕФА клубтық рейтингінің жаңа нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sports.kz.

«Янг Бойздан» жеңіліп қалған (0:3) «Астана» 111-ші орыннан 113-ші орынға сырғыды. Қазақстан чемпионының активінде әдеттегідей 16.800 балл бар. «Астананың» топ бойынша барлық қарсыластарының қазақстандықтардан жоғары орналасқанын атап өткен жөн: «Олимпиакос» - 26-шы (60.380), «Янг Бойз» - 68-ші (28.915), АПОЭЛ - 85-ші (24.110).
«В» тобындағы ойындар аяқталған соңғы командалардың ұпай саны бойынша тізімі: АПОЭЛ - 12 ұпай, «Олимпиакос» - 8, «Янг Бойз» - 8, «Астана» - 5. АПОЭЛ мен «Олимпиакос» («Янг Бойздан» бұрынғы жеке кездесулердің артықшылығы арқасында) плей-офф кезеңіне шықты.