Астана - Уфа бағытында тұрақты рейстер қайта ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұшу географиясын кеңейту және халықаралық рейс санын ұлғайту жұмысының аясынгда Азаматтық авиация комитеті Қазақстан мен Башқұртстан арасындағы әуе қатынасын кеңейту мәселесін пысықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана - Уфа бағытында тұрақты рейстер қайта ашылады

Осылайша «Red Wings» әуе компаниясы 25 шілдеден бастап Астана – Уфа бағыты бойынша тұрақты жолаушылар рейстерін қайта бастайтын болды.

Тасымал «Sukhoi Superjet-95» типті әуе кемелерінде сейсенбі және жұма күндері аптасына 2 рейс жиілігімен орындалады.

Әуе қатынасын жаңғырту елдер арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етпек.