Астана Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 150 мың теңгеден қаржы бөлмек

АСТАНА. 5 мамыр. ҚазАқпарат - Елорданың Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне бір реттік жәрдемақы ретінде 150 мың теңгеден беріледі. Бұл ақпаратты ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Серік Ахметов өзінің шағын блогы арқылы жария етті.

Астана Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 150 мың теңгеден  қаржы бөлмек

«Астанада Ұлы Отан соғысының 359 ардагері бар. Әкім (Иманғали Тасмағамбетов) оларға 150 мың теңгеден бөлу туралы шешім қабылдады», - деп жазды ол.