Астана үшін адами капиталды қалыптастыру маңызды болмақ - Н. Назарбаев

nbsp;Сәуірдің 2-сі. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Алдағы уақытта Астана ірі халықаралық масштабтағы инновациялық орталыққа айналуы тиіс.
None
None

Бүгін Астана қаласының алдағы дамуы жөніндегі сәулет-құрылыс кеңесі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта Астана ірі халықаралық масштабтағы инновациялық орталыққа айналуы қажет. Астана болашақ экономикалық өсімнің нағыз орталығына, интеллектуалдық әлеует орталығына айналуы шарт. Мен бұл бағытта бәрін жасауға тырысамын. Елордада ең үздік медициналық кадрлар, ең мықты ғалымдар қызмет ететін болады, институты бітіуші үздік түлектер де осында топтасуы шарт. Халықаралық университет қолданысқа енгізілгеннен бастап біз үшін шетелге білім алуға балаларды жіберудің қажеті де болмай қалады. Астанада оқып-ақ балалар сондай диплом алатын болады. Сондықтан да ең алдымен Астана үшін адами капиталды қалыптастыру маңызды болмақ», деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар