«Астана»велоклубы «Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады

АСТАНА. Наурыздың 3-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Наурыздың 8-і мен 15-і аралығында велоспорттан маусымның әйгілі жарыстарының бірі «Париж-Ницца» көпкүндігі өтеді. Оған «Астана» клубы фавориттердің бірі ретінде қатысады,

 «Астана»велоклубы «Париж-Ницца» көпкүндігіне қатысады
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Біздің спорт» сайтының дерегінше, аталмыш көпкүндікке «Астана» клубының құрамында испаниялық Альберто Контадор мен американдық Леви Лейфаймер барады. «Жуырда Лейфаймер «Париж-Ницца» додасына бара алмайды, өйткені «Калифорния турының» үшінші кезеңінде жарақат алған деген ақпарат тарады. Алайда, мұндай пікірді Қазақстан велоспорт федерациясының вице-президенті Николай Проскурин жоққа шығарды», делінген сайттың хабарламасында. Н. Проскурин, «Леви Францияға барады, оның жарақаты туралы ештеңе естіген жоқпын», деген сұхпатында.