«Астана» велоклубының өкілі Португалияда өткен жарыста негізгі жіктелімде үздік шықты

АЛМАТЫ. Ақпанның 24-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандозы Португалияда өткен «Volta ao Algarve» көпкүндігінде негізгі жіктелімде үздік шықты,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ақпанның 18-інде басталған бұл дүбірлі додаға астаналықтардан 8 спортшы қатысқан болатын. Финалдық негізгі жіктелімде Альберто Контадор бірінші, ал Андреас Клоден бесінші орын алды. Бұл А. Контадордың кәсіпқой спорттағы көпкүндік жарыстарда қол жеткізген 9-шы жеңісі болды. Енді ол Париж-Ницца көпкүндігінде де өзінің 2 жыл бұрынғы жетістігін қайталауды алдына мақсат етіп қойып отыр. Сондай-ақ бұл байрақты бәсекеден кейін «Vuelta Castilla y Leon» мен Баскілер елі турында да өз бағын сынамақшы.
Соңғы жаңалықтар