"Астана" велоклубының шабандоздары Испаниядағы "Классика Сан-Себастьян" көпкүндік сайсына қатысып жатыр

АЛМАТЫ. Тамыздың 1-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Испанияда велоспорттан көпкүндік "Классика Сан-Себастьян" жарысы басталды,

"Астана" велоклубының шабандоздары Испаниядағы "Классика Сан-Себастьян" көпкүндік сайсына  қатысып жатыр

         деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.                                                                                       Франциядағы әйгілі  "Тур Де Франс" көпкүндік жарысында сәтті өнер көрсеткен қазақстандық "Астана" кәсіпқой велоклубының шабандоздары енді  Испаниядағы кезекті жарысқа қатысуда. Оларға клубтың спорт директорларынан Алан Галопин жетекшілік жасап жүр. Онда "Астана" намысын қорғау бұл жолы - АймарСубельдиа, Берік  Көпешов, ВалерийДмитриев, Даниэль Наварро, Стив Морабито, Яни Брайкович, ХесусЭрнандес пен   Хосе Луис Рубьераға сеніп тапсырылған. Бұл дүбірлі дода тамыздың 8-іне дейін созылады деп жоспарланып отыр.