«Астана» велоклубының шабандоздары Калифорния турына қатысады

АЛМАТЫ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Ақпанның 14-і мен 22-сі аралығында АҚШ-тың Калифорния штатында велоспорттан «Amgen Tour of California» жарысы өтеді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл бәсекеге «Астана» велоклубының шабандоздарынан Лэнс Армстронг, Яни Брайкович, Крис Хорнер, Леви Лейфаймер, Стив Морабито, Ярослав Попович, Грегори Раст пен Хосе Луис Рубьера қатыспақ. Оларға Йохан Брунель, Вячеслав Екимов пен Шон Ятес сияқты спорт директорлары жетекшілік жасайды. Жалпы «Астана» велоклубының шабандоздары өткен маусымда 34 рет жеңіске жеткен болатын. Биыл қазақстандық кәсіпқой клубтың спортшылары жаңа маусымдағы алғашқы сайысты қаңтардың 18-і күні Австралиядағы «Cancer Council Classic» жарысында өткізді. Оңтүстік Австралияның Аделайд қаласында өткен бұл байрақты бәсекеде клуб намысын Асан Базаев, Максим Иглинский, Лэнс Армстронг, Стив Морабито, Михаэль Шор, Хосе Луис Рубьера мен Хесус Эрнандес қорғаған еді.
Соңғы жаңалықтар