10:11, 03 Маусым 2009 | GMT +5
«Астана» велоклубының шабандоздары Люксембург турына қатысуда
АЛМАТЫ. Маусымның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандоздары Люксембург турына қатысуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бүгін жалауы көтерілген бұл байрақты бәсекеде «астаналықтарға» клубтың спорт директорларынан Александр Шефер жетекшілік жасайды. Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Асан Базаев, Андреас Клоден, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Гегори Раст, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский мен Михаэль Шор қорғамақ. Қазіргі таңда «Астана» қоржынында түрлі деңгейдегі жарыстарда клуб шабандоздары қол жеткізген 17 жүлде бар. Оның алғашқысы, ақпанның 20-сында Калифорния турының 6-шы кезеңіндегі Контадордың, ал ең соңғысы, сәуірдің 29-ындағы Gila турының 5-ші кезеңіндегі Лейфамердің жеңісі болып отыр.