«Астана» велоклубының шабандоздары «Paris-Roubaix» жарысына қатысады

АЛМАТЫ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Сәуірдің 12-сі күні Францияда велоспорттан «Paris-Roubaix» жарысы басталады,

«Астана» велоклубының шабандоздары «Paris-Roubaix» жарысына қатысады
деп хабарлайды, ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Бұл байрақты бәсекеге «астаналық» велошабандоздарды спорт директорларынан Ален Галопин мен Дирк Демол алып бармақ. Онда қазақстандық кәсіпқой велоклубтың намысын Берік Көпешев, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Грегори Раст, Михаэль Шор, Стив Морабито мен Ярослав Попович қорғайды. Бұған дейін астаналықтар Францияда ақпаның 21-22-сі күндері «Tour Cycliste International du Haut-Var», наурыздың 8-15-і күндері «Paris-Nice» жарысына қатысқан еді. Онда Альберто Контадор наурыздың 8-інде «Paris-Nice» көпкүндігінің бірінші кезеңінде және наурыздың 13-інде 6-шы кезеңінде жеңіске жеткен болатын.