16:11, 17 Ақпан 2009 | GMT +5
                                        «Астана» велоклубының шабандоздары «Volta ao Algarve» турына қатысады
                                            АЛМАТЫ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Велоспорттан ақпанның 18-22 күндері Португалияда «Volta ao Algarve» туры өтеді, 
                                        
                                        
                                     
                                              
                                                    деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қазақстандық «Астана» велоклубының намысын  8 спортшы қорғайды. Бұл байрақты бәсекеде оларға спорт директорларынан Дирк Демол мен Александр Шефер жетекшілік жасамақ. Клуб намысын  - Альберто Контадор, Андреас Клоден, Дмитрий Муравьев, Бенжамин Новаль, Сержио Паулиньо, Михаэль Шор,  Томас Вайткус, Сержио Паулиньо мен Сергей Ренев қорғамақ. Ал олардың командалас өзге серіктері қазіргі таңда АҚШ-тың Калифорния штатында өтіп жатқан «Amgen Tour of California» турына қатысып жатыр. Ақпанның 14-інде жалауын көтерген бұл жарыс 22-сіне дейін созылмақ.