«Астана» велоклубының шабандозы Испания чемпионатының жеңімпазы атанды
АЛМАТЫ. Маусымның 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астана» велоклубының шабандозы Альберто Контадор Испания чемпионатының жеңімпазы атанды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Torrelavega мен Cuevas de Altamire арасындағы 47,8 шақырымдық жолды «астаналық» шабандоз 1 сағат 4 минут 40 секундта басып өтті. Уақыт көрсеткіші бойынша одан кейінгі орындарды Luis León Sánchez (Caisse d'Epargne клубынан) мен Ruben Plaza (Liberty Seguros клубы) бөлісті. Бұл жеңісі арқылы Альберто Контадор өз командасының қоржынындағы үздік нәтижелердің санын 21-ге жеткізді. Бұған дейін ол түрлі деңгейдегі жарыстарда 7 рет жеңімпаз атанған болатын. Қазір ол өз командасының қоржынына олжа салу жағынан Леви Лейфамермен теңесті. Ал олардың өзге командалас серіктерінен Андреас Клёден 2 рет, Грегори Раст пен Лэнс Армстронг бір реттен көзге түсті.