«Астана» велоклубының шабандозы «Tour of the Gila» жарысының негізгі жіктелімінде көш бастап келе жатыр

АЛМАТЫ. Мамырдың 2-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - «Астаналық» велошабандоз «Tour of the Gila» жарысында үш кезеңнің қорытындысы бойынша негізгі жіктелімде көш бастап келе жатыр,

«Астана» велоклубының шабандозы «Tour of the Gila» жарысының негізгі жіктелімінде көш бастап келе жатыр
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Астана» велоклубының намысын қорғап жүрген Леви Лейфамер бұл бәсекеде бірінші және үшінші кезеңде топ жарған болатын. Үш кезеңнің қорытындысы бойында ол негізгі жіктелімде үздік атанды. Үшінші кезеңде жарысты үшінші боп аяқтаған оның тағы бір командалас серігі Лэнс Армстронг негізгі жіктелімде төртінші сатыға табан тіреді. Бұл Л. Лейфамердің осы маусымда қол жеткізген жетінші жеңісі. Қазіргі таңда «Астана» велоклубының қоржынындағы 16 жеңістің жетеуі Л. Лейфамердің, жетеуі Алберто Контадордың, екеуі Андреас Клоденнің еншісіне тиіп отыр.