«Астана» велоклубының спортшылары «Castilla y Leуn» жарысының екінші кезеңінде топ жарды
АЛМАТЫ. Наурыздың 25-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Велоспорттан Испанияда өтіп жатқан «Castilla y Leуn» жарысының екінші кезеңінде «астаналық» шабандоздар үздік шықты,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Наурыздың 23-інде басталған бұл бәсекеде кеше екінші кезең сайысында мәреге бірінші болып Леви Лейфамер, ал Альберто Контадор екінші болып келді. Олар негізгі жіктелімде де көшбасшылық тізгінді өз қолдарында ұстап келе жатыр. Қазіргі таңда «Астана» клубының қоржынында 8 жеңіс бар. Енді оның саны наурыздың 27-сіне дейін созылатын бұл дүбірлі доданың соңына дейін тағы да ұлғая түседі деген үміт бар. Аталмыш жарысқа «Астана» клубынан Леви Лейфаймер пен Альберто Контадордан басқа Лэнс Армстронг, Хосе Луис Рубьера, Хесус Эрнандес, Томас Вайткус, Аймар Субельдиа мен Бенджамин Новаль сияқты спортшылар қатысуда.