14:33, 04 Маусым 2009 | GMT +5
«Астана» велоклубының спортшылары Франциядағы «Дауфин Либерэ» көпкүндігіне қатысады
АЛМАТЫ. Маусымның 4-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Велоспорттан маусымның 7-14 күндері Францияда «Дауфин Либерэ» көпкүндігі өтеді,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оған «астаналықтарды» Алэн Галлопин мен Дирк Демол бастап бармақ. Бұл байрақты бәсекеде Қазақстан кәсіпқой велоклубының намысын қорғау 8 спортшыға тапсырылмақ. Олар - Альберто Контадор, Аймар Субельдиа, Александр Дьяченко, Бенджамин Новаль, Сержио Паулиньо, Сергей Ренев, Томас Вайткус және Хесус Эрнандес. Қазіргі таңда олардың командалас серіктерінен Асан Базаев, Андреас Клоден, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Грегори Раст, Дмитрий Муравьев, Максим Иглинский мен Михаэль Шор Люксембург турында бақ сынап жатыр.