«Астана» велоклубының спортшылары Испанияда бақ сынауда

None
None
АЛМАТЫ. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Бүгін Испанияда велоспорттан «Volta Ciclista a Catalunya» көпкүндігі басталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» велоклубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Биыл 89-шы рет ұйымдастырылып отырған бұл байрақты бәсеке мамырдың 24-іне дейін созылмақ. Онда «Астана» намысын Александр Дьяченко, Аймар Субельдия, Бенжамин Новаль, Роман Киреев, Сержио Паулиньо, Сергей Ренев, Томас Вайткус пен Хесус Эрнандес қорғап жатыр. Оларға клубтың спорт директорларынан Александр Шефер мен Дирк Демоль жетекшілік жасауда. Қазіргі таңда қазақстандық «Астана» велоклубының үлесінде түрлі додаларда жеңіп алған 17 жеңіс бар.
Соңғы жаңалықтар
telegram