«Астана» велоклубының спортшылары «Tour de Romandie» көпкүндігін бағындыра алмады

АЛМАТЫ. 30 сәуір. ҚазАқпарат - Швейцарияда 24-29 сәуір күндері биыл 66-ншы рет ұйымдастырыған «Tour de Romandie» көпкүндігі өтті.

«Астана» велоклубының спортшылары «Tour de Romandie» көпкүндігін бағындыра алмады

Онда 5-кезеңде де мәре сызығын бірінші болып кесіп өткен  «Sky Procycling» командасының спортшысы Бредли Виггинс жарыстың жалпы қорытындысында да 18:05:40 секундтық уақыт көрсеткішімен жеңімпаз атанды.

«Астана» командасының спортшыларынан 5-кезеңді бесінші болып аяқтаған Роман Кройцигер алтыншы орынды қанағат тұтты. Оның командалас серіктерінен Яни Брайкович - тоғызыншы,  Паоло Тиралонго - он сегізінші, Кевин Зельдреерс - қырық бесінші, Андрей Кашечкин -алпыс екінші, Евгений Петров алпыс төртінші,  Андрей Гривко - сексен бірінші,  Фредрик Кессякофф - сексен сегізінші орындарға ие болды.