07:37, 24 Мамыр 2013 | GMT +5
«Астана» велокомандаcының шабандозы Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндiгiнiң 18-кезеңiнде жеңiмпаз атанды
АСТАНА. 24 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық "Астана" велокоманданың шабандозы Винченцо Нибали "Джиро д'Италия" көпкүндiгiнiң 18-кезеңiнде жеңiмпаз атанды.

Бұл кезең жекелей сында өттi және 20,6 шақырымға созылды. "Астана" капитаны бұл қашықтықты 44 минут 29 секунд iшiнде бағындырды. Euskatel Euskadi командасының спортшысы испандық Самуэль Санчес жеңiмпазға 58 секунд есе жiберiп, көмбеге екiншi болып келдi. Cannondale клубының шабандозы Дамиано Карузо бұл сында үздiк үштiктi түйiндедi.
Кезеңде қол жеткiзген жетiстiгiнен кейiн Нибали өзiнiң жалпы есептегi көшбасшылығын нығайтты. Ендi ол өзiнiң негiзгi бәсекелестерi - Кадель Эвансты 4 минут 2 секундқа, Ригоберто Уранды 4 минут 12 секундқа озып тұр.