«Астана» велокомандасы «Даун Андер турына» дайын

АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қаңтарда «Даун Андер туры»-2016 18-ші австралиялық жарыс басталады. Ол дәстүр бойынша Аделаидте Виктория алаңында командаларды таныстырудан басталып, 24 қаңтарда осы жерде аяқталады.

«Астана» велокомандасы «Даун Андер турына» дайын

Бұл жаңа маусымдағы World Tour жоғары дәрежесіндегі алғашқы жарыс.

«Астана» құрамы төмендегідей болады: Луис Леон Санчес, Ларс Боом, Дмитрий Груздев, Лоуренс де Врезе, Арман Қамышев, Давид Малакарне және Льюве Вестра.

Қазақстандық команданы 2015 жылғы Еуропа ойындарының чемпионы испаниялық Луис Леон Санчес басқарады. Ол 2005 жылы бұл жарыста жалпы есепте жеңіске жеткен болатын.