«Астана» велокомандасы екі қазақстандық жас шабандозбен келісімшартқа қол қойды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Continental Astana велокомандасының жас қазақстандық шабандоздары Бақтияр Қожатаев пен Мақсат Аязбаев Astana Pro Team велокомандасымен келісімшартқа қол қойды, биылғы тамыз айынан бері олар команда құрамында тағылымдамадан өтті, деп хабарлады astanafans.com.
Б.Қожантаев Азия чемпионатының топтық жарыстарына қатысып, шілде айында бұрын Фабио Ару жеңіске жеткен Джиро Валле д'Аоста жарысын тоғызыншы орынмен аяқтады. Өткен жылы Тур де Л'Авенир көпкүндігінің Тур де Франс шағын жарысында төртінші орынға шыққан еді.
Мақсат Аязбаев Азия чемпионатынлда қола жүлдеге қол жеткізіп, «Вуэльта Индепенсия Насиональ» жарысы мен Мексика турының басты іріктеу жарысында екінші орындарға ие болды. Екі сайыста да ол үздік жас шабандоз жейдесін жеңіп алды.