«Astana» велокомандасы қос талантты шабандоз Винченцо Нибалимен және Алессандро Ваноттимен келесімшарт жасады

 АСТАНА.  3 тамыз. ҚазАқпарат -«Pro Team Astana» велокомандасы 2013-2014 жылдық маусымдарында өз құрамын күшейту мақсатында әлемдік деңгейдегі жетекші велошабандоздар қатарынан саналатын  Винченцо Нибалимен және  Алессандро Ваноттимен келісімшарт жасасты.
None
None

Бұл туралы қазақстандық велокоманданың баспасөз қызметінен хабарланды.

Бұл ретте Александр Винокуров: «Винченцо мен Алессандроның келуі біздің  құраманы 2013-2014 жылғы маусымға айтарлықтай күшейтеді. Біз осынау мықты екі шабандозды өзімізге тарту үшін көп күш-жігер жұмсадық. Енді, мінеки, келісімшарт жасалған соң ол туралы қуанышымызда баршаға жариялауға асықпыз. Бұл «Pro Team Astana» үшін керемет сәт. Биылғы жылғы сәттіліктер арқылы біз келесі жылғы маусымдарға берік іргетас қалыптастырып жатырмыз және Винченцо мен Алессандро  командаға қатысты келісімшарт жасауы, сөзсіз біздің мақсатқа жетуіміздегі маңызды қадам болмақ», - деп атап өтті.

Ал команда менеджері Джузеппе Мартинеллидің айтуынша, «Pro Team Astana» қатарына талантты спортшылар Винченцо Нибали мен Алессандро Ваноттидің тартылуы 2013-2014 жылдарға салмақты жоспар қалыптаса бастағанын білдіреді. «Жаңа келісімшарт команданы күшейтіп, бүгінгі керемет құрамымызды одан сайын жігерлендіре, толықтыра түседі. Мен командадағы бұндай жаңалықтың  жанкүйерлерімізді шын қуанта алатындығына сенімдімін», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар