«Астана» велокомандасы «Критериум Дофине» жарысына өз құрамасын жасақтады

АСТАНА. 30 мамыр. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы «Тур де Франс» алдында Францияда өткізілетін «Критериум Дофине» жарысына өз құрамасын жасақтады, деп хабарлайды Vesti.kz.
None
None

Доданың жарыс жолына қазақстандық үш велошабандоз - Асан Базаев, Алексей Луценко және Дмитрий Муравьев шығады. Сонымен қатар ресейлік Егор Силин, даниялық Якоб Фульсанг, италиялық Франческо Гавацци, украиналық Андрей Гривко және бельгиялық Кевин Зельдраерс қазақстандық команданың намысын қорғайды.

Айта кетейік, 2-9 маусым аралығында өтетін «Критериум Дофине» жарысы «Тур де Франс» көпкүндігі алдындағы маңызды дайындық турнирі болып табылады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, «Тур де Франс» веложарысы 29 маусымда Корсика аралында басталады.

Соңғы жаңалықтар