02:36, 01 Тамыз 2020 | GMT +6
«Астана» велокомандасы Страде Бьянке додасында бақ сынайды.
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасы 2020 жылғы әлемдік тур күнтізбесіндегі жарыстарды бастайды, деп жазады Olympic.kz.
Елордалық клуб мүшелері әйгілі италиялық «Страде Бьянке» біркүндік додасында бақ сынайды.
Турнир 1 тамызға жоспарланған.
Команда құрамы: Якоб Фульсанг, Алексей Луценко, Йон Исагирре, Горка Исагирре, Уго Уль, Мануэле Боаро және Фабио Феллине.