«Астана» велокомандасы «Тур де Франс» көпкүндігінде жеңіске жетті

АСТАНА.  Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Қанат  Кұлшыманов/ -    «Астана» командасының  қатарында өнер  көрсетуші испандық  Альберто  Контадор        жексенбі күні   Парижде  Елисей алаңында  мәреге  жеткен  «Тур де Франс-2009»   веложарысының  жеңімпазы атанды.

«Астана»  велокомандасы  «Тур де Франс» көпкүндігінде жеңіске    жетті

ҚазАқпарат тілшісіне  бұл туралы      Қазақстанның велосипед  спорты  федерациясының бас    хатшысы   Александр  Антышев хабарлады.

«А.Контадордың веложарыстың 15-інші кезеңіндегі    жеңісі  оған жалпы есеп  бойынша   көш басына шығуға    мүмкіндік берді.  Оның   жалпы нәтижесі- 85 сағат  48 минут  35 секунд.    Оған  4 минут  11 секунд  есе   жіберген  люксембургтық  Энди Шлек (Team  Saxo  Bank)  екінші  орынға  табан тіреді.  Ал үшінші  орынға     5 минут  24 секунд   кейін келген   «астаналық»  Лэнс  Армстронг    шықты»,  деді  А.Антышев.

Командалық  есеп бойынша «Астана» командасы       бірінші орынды иеленді.