«Астана» велокомандасы «Вуэльта» жарысына қатысатын құрамын жариялады

АСТАНА. ҚазАқпарат ­- «Астана» велокомандасы Испания Вуэльтасы гранд-турына қатысатын құрамын таныстырды. Жарыс 25 тамыздан 16 қыркүйекке дейінгі аралықта Испания және Андоррада өтеді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

«Астана» велокомандасы «Вуэльта» жарысына қатысатын құрамын жариялады

Команданың құрамы: Пельо Бильбао, Дарио Катальдо, Омар Фраиле, Ян Хирт, Мигель Анхель Лопес, Никита Стальнов, Давиде Виллелья және Андрей Зейц.

Спорт директорлары: Александр Шефер, Дмитрий Седун, Стефано Занини.

Еске сала кетейік, бұдан бұрынғы «Тур де Франс» гранд-турында «Астана» капитаны Якоб Фульсанг бас классификацияда 12-орынға, ал Танел Кангерт 16-орынға тұрақтаған болатын. Қазақстан командасының еншісінде биылғы Тур де Франстың екі жеңісі бар: 14-кезеңнің жүйрігі Омар Фраиле атанса, 15-кезеңде Нильсен Магнус Корт алдына жан салмаған болатын.