«АСТАНА» велокомандасының ұжымы Елбасын сайлаудағы сенімді жеңісімен құттықтады
А-САНТАНДЕР. 8 сәуір. ҚазАқпарат /Тимур Бектұрғанов/ - «АСТАНА» велокомандасының ұжымы Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты сайлаудағы сенімді жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл бүкіл елдің, барлық қазақстандықтардың жеңісі.
Бұл туралы «ҚазАқпарат» агенттігіне берген сұхбатында біздің отандасымыз, әлемдегі ең мықты велокомандалардың бірінің көшбасшысы Александр Винокуров мәлім етті.
«Қазақстан азаматы ретінде мен біздің халқымыздың таңдауы ел дамуының, ҚР-дың саясат пен экономикада да, әлемдік спорт аренасында қол жеткізетін болашақтағы жеңістеріне жаңа серпін береді деп сенемін. Мемлекет басшысы әрдайым спорттың дамуына ерекше назар бөледі, менің ойымша, біздің командамыздың әлемдік беделді жарыстардағы жеңісі осының куәсі», - деп атап өтті споршы.