"Астана" велошабандоздары қазанның 10-ы күні Италиядағы "Giro dell' Emilia" жарысына қатысады
АЛМАТЫ. Қазанның 9-ы. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - "Астана" велошабандоздары қазанның 10-ы күні Италиядағы "Giro dell' Emilia" жарысына қатысады,
деп хабарлайды ҚазАқпарат "Астана" клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Онда қазақстандық кәсіби велоклубтың намысын бұл жолы - Александр Винокуров, Александр Дьяченко, Болат Райымбеков, Валерий Дмитриев, Крис Хорнер, Максим Иглинский, Роман Киреев пен Яни Брайкович қорғайды. Оларға спорт директорларынан Александр Шефер жетекшілік жасамақ. А. Шефердің жетекшілігімен «астаналықтар» бұған дейін сәуірдің 22-25 күндері «Джиро дель Трентино» жарысында бақ сынап, онда бірінші кезеңде Леви Лейфамер өз командасына жеңіс сыйлаған еді.