«Астана» велошабандозы Андреа Гуардини «Лангкави турында» жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Малайзияда «Лангкави туры» велокөпкүндігі жарысының 99,2-шақырымдық сыны аяқталды.

«Астана» велошабандозы Андреа Гуардини «Лангкави турында» жеңіске жетті

Бұл туралы sports.kz хабарлады.

«Астана» велошабандозы италиялық Андреа Гуардини мәреге бірінші, «Orica-GreenEdge» спортшысы австралиялық Калеб Эван, ал үшінші болып жарыс иесі «Terengganu» өкілі Ануар Манан жетті. «Астана» құрамасының өзге өкілдері келесі орындарға ие болды: Валерио Аньоли - 17, Мақсат Аязбаев - 26, Андрей Зейц - 56, Даниил Фоминых - 68, Бахтияр Қожатаев - 120. «Лангкави туры». Бірінші кезең Pantai Cenang - Pantai Cenang. 99,2 км 1. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - 2:19:06 2. Калеб Эван (Австралия, «Orica-GreenEdge») 3. Ануар Манан (Малайзия, «Terengganu») 17. Валерио Аньоли (Италия, «Астана») 26. Максат Аязбаев (Қазақстан, «Астана») 56. Андрей Зейц (Қазақстан, «Астана») 68. Даниил Фоминых (Қазақстан, «Астана») 120. Бахтияр Қожатаев (Қазақстан, «Астана») - +02:07.