«Астана» велошабандозы «Австрия туры» екінші кезеңінің жеңімпазы болды

АСТАНА. 2 шілде. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасының шабандозы белгиялық Кевин Селдрайерс «Австрия туры» екінші кезеңінің жеңімпазы атанды.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

157,4 шақырымды 4 сағат 17 минут 15 секундтта бағындырған Селдрайерс өзінің командалас әріптестері - қазақстандық Александр Дьяченкодан 5 секундқа, итальяндық Фабио Арудан 14 секундқа басым түсті.

Жарыстың екі кезеңіндегі жалпы есеп бойынша Дьяченконы 43 секундқа озған Селдрайерс көш бастап келеді. Үштікті 59 секундқа артта қалған австриялық Риккардо Цойдль түйіндейді.

Сегіз кезеңнен тұратын «Австрия туры» Инсбрук қаласында 30 маусым күні басталып, 7 шілде күні Венада мәреге жетеді деп күтілуде.

Соңғы жаңалықтар
Референдум