«Астана» велошабандозы Диего Роса «Баскілер елі туры» бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Баскілер елі туры» велокөпкүндігінің бесінші кезеңі аяқталды, оған қатысушылар таулы жолбағыт бойынша 150 шақырымдық қашықтықты еңсерді, деп хабарлады Sports.kz.

 «Астана» велошабандозы Диего Роса «Баскілер елі туры» бесінші кезеңінің жеңімпазы атанды

Мәре сызығын біірнші болып «Астананың» испандық шабандозы Диего Роса кесіп өтті, екінші болып «Sky» командасынан колумбиялық Серхио Энао мәреге жетті, көшбасшылар үштігін «Tinkoff» командасынан испандық Альберто Контадор түйіндеді.

«Астанааның» қалған шабандоздары мәреге мына тәртіппен жетті: Мигель Анхель Лопес 28-ші, Андрей Зейц - 32-ші, Луис Леон Санчес - 50-ші, Дарио Катальдо - 78-ші болып келді, Фабио Ару бұл кезеңді аяқтай алмады.