«Астана» велошабандозы «Джиро д'Италия» кезеңі жеңімпаздарының қатарында
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия» велокөпкүндігінің сегізінші кезеңі аяқталды, пелотон 189 шақырымды еңсерді.
Sports.kz сайтының жазуынша, испаниялық «Movistar» командасының велошабандозы Горка Исагирре жеңімпаз атанды, екінші болып «Bahrain-Merida» командасының мүшесі Джованни Висконти келсе, «Астананың» испаниялық легионері Луис Леон Санчес үздік үштікті түйіндеді.
«Джиро д'Италия». Сегізінші кезең
Мольфетта - Пескичи. 189 шақырым.
1. Горка Исагирре (Испания, «Movistar») - 4:24:59
2. Джованни Висконти (Италия, «Bahrain-Merida») - +0:05
3. Луис Леон Санчес (Испания, «Астана») - +0:10.
Авторы: Алпамыс Исраил. Есік білім-инновация лицейі