«Астана» велошабандозы Ф. Кесьякофф «Вуэльта» көпкүндігінің 12-кезеңінен кейін жалпы есепте үшінші сатыға көтерілді
АСТАНА. 2 қыркүйек. ҚазАқпарат /Жасұлан Аманбайұлы/ - Кеше, бейсенбіде испаниялық «Вуэльта» велокөпкүндігінің 12-кезеңінен кейін «Астана» клубының велошабандозы Фредрик Кесьякофф жалпы есепте үшінші орынға көтерілді.
Ол көшбасшыдан 9 секундқа қалып келеді. Бұның алдында 14 секундқа ұтылып, жалпы есепте 4-ші келе жатқан болатын.
Әзірше грандтурда «Sky» велокомандасының мүшесі Брэдли Уиггинс бірінші, ал оның командаласы Кристофер Фрум екінші орында.
Еске сала кетейік, 20 тамызда басталған «Вуэльта» велокөпкүндігі 11 қыркүйекке дейін жалғасады.