«Астана» велошабандозы Фабио Ару «Джиро д'Италия» 19-шы кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. ҚазАқпарат -- Ұзындығы 236 шақырымдық «Джиро д'Италия» көпкүндік веложарысының 19-шы кезеңі аяқталды.
None
None

«Астананың» итальяндық велошабандозы Фабио Ару алғашқы болып мәреге жетті, екінші болып «Cannondale-Garmin» клубынан канадалық Райдер Хешедаль мәре сызығын кесті, «Etixx - Quick-Step» командасынан колумбиялық Ригоберто Уран көшбасшылар үштігін тұйықтады, деп хабарлады Sports.kz .

«Астананың» қалған шабандоздары мына тәртіппен мәреге жетті: Танел Кангерт - төртінші, Микель Ланда - жетінші, Паоло Тиралонго - 26-шы, Луис Леон Санчес - 31-ші, Диего Роса - 35-ші, Дарио Катальдо - 54-ші, Андрей Зейц - 84-ші, Давид Малакарне - 104-ші.

Соңғы жаңалықтар