11:20, 28 Сәуір 2013 | GMT +5
«Астана» велошабандозы Франческо Гавацци «Романдия турында» мәреге екінші келді
АСТАНА. 28 сәуір. ҚазАқпарат - Швейцария жерінде әлемдегі ең үздік шабандоздардың басын қосқан «Романдия туры» атты көпкүндік веложарыс жалғасуда.

3-кезеңнің жарыс жолы 181 шақырымға созылды. Додаға қатысқан 170 спортшы арасынан «Астана» командасының өкілі Франческо Гавацци мәреге 2-ші болып жетті. Итальян легионері «Омега» командасындағы Джанни Мерсманға ғана жол берді. Ал үздік үштікті жергілікті «Орика» командасының спортшысы Михаэль Альбасини түйіндеді. Айта кетейік, осының алдындағы кезеңде қазақстандық клуб спортшысы Энрико Гаспаротто да мәреге екінші келген болатын.