09:34, 07 Қазан 2012 | GMT +5
«Астана» велошабандозы Фредрик Кессякофф Giro dell'Emilia жарысында екінші болып келді
АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Pro Team Astana командасы құрамындағы шведтік Фредрик Кессякофф Болоньи жолдарында өткен Giro dell'Emilia біркүндігінің қорытындысы бойынша екінші болып келді.

Vesti.kz сайтының ақпаратына сәйкес, 193 шақырымдық жарыстың жеңімпазы Movistar командасының сапындағы колумбиялық Наиро Куинтана Рохас болды. Жүлдегер үштікті Androni Giocattoli командасының мүшесі итальяндық Франко Пелизоти тұйықтады.
Bologna - San Luca, 193 шақырым:
1. Nairo Alexander Quintana Rojas (Col) Movistar Team;
2. Fredrik Kessiakoff (Swe) Astana Pro Team;
3. Franco Pellizotti (Ita) Androni Giocattoli;
4. Domenico Pozzovivo (Ita) Colnago - CSF Inox;
5. Chris Anker Sцrensen (Den) Saxo Bank - Tinkoff Bank.