«Астана» велошабандозы Кангерт «Абу-Даби» турының жеңімпазы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Танел Кангерт «Абу-Даби» турында жалпы есепте жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sports.kz.

«Астана» велошабандозы Кангерт «Абу-Даби» турының жеңімпазы атанды

Жарыстың финалдық кезеңінде «Dimension Data» командасындағы британдық Марк Кэвендиш озып шықты, екінші болып «Trek-Segafredo» спортшысы итальяндық Джакомо Ниццоло келді, ал Италияның тағы бір өкілі - «Sky» велошабандозы Элия Вивьяни үшінші орынды місе тұтты.

 «Астананың» үздік спортшысы мәреге 11-ші болып жеткен Андреа Гуардини болды. «Астананың» өзге де шабандоздары мынадай нәтиже көрсетті:  Винченцо Нибали - 20-шы, Танел Кангерт - 23-ші, Гатис Смукулис - 56-шы, Валерио Аньоли - 92-ші, Алессандро Ванотти - 97-ші.

Жалпы есеп:

1. Танел Кангерт (Эстония, «Астана») - 12:27:24

2. Николас Роч (Ирландия, «Sky») - +0:21

3. Диего Улисси (Италия, «Lampre-Merida») - +0:43

4. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - +1:00

56. Андреа Гуардини (Италия, «Астана») - +18:44

68. Гатис Смукулис (Латвия, «Астана») - +20:06

96. Валерио Аньоли (Италия, «Астана») - +25:19

98. Алессандро Ванотти (Италия, «Астана») - +26:53.