«Астана» велошабандозы «Каталония Вуэльтасы» көпкүндігінің соңғы кезеңінде топ жарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Каталонияда «Каталония Вуэльтасы» көпкүндік жарысы аяқталды, Якуб Фуглсанг жалпы есепте тоғызыншы болып жарысты аяқтады, деп хабарлады sports.kz.

«Астана» велошабандозы «Каталония Вуэльтасы» көпкүндігінің соңғы кезеңінде топ жарды

Соңғы кезеңнің жеңімпазы «Астанадан» голландиялық Льюв Вестра, екінші орында «BMC Racing Team» командасынан неміс Маркус Бургхардт, үшінші - «Team Europcar»-дан .француз Томас Векпер болды. Жалпы есепте «Катюшадан» испандық Хоаким Родригес үздік болып танылды, одан кейін осы елдің тағы бір өкілі «Tinkoff-Saxo» командасынан Альберто Контадор орналасты, үздік үштікті «BMC Racing Team» өкілі американдық Тиджей ван Гардерен тұйықтады, ал тоғызыншы орында - «Астана» командасының шабандозы Якуб Фуглсанг.