«Астана» велошабандозы Максим Иглинский «Бельгия туры» кезеңінде жеңіске жетті

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» велокомандасының өкілі Максим Иглинский «Бельгия туры» жарысының төртінші кезеңінде жеңімпаз атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

157 шақырымдық қашықтықты Иглинский басқалардан шапшаңырақ еңсерді. Одан Lotto Belisol командасынан неміс Андре Грайпель екі секунд кейін қалды, үшінші болып ВМС өкілі Филипп Жильбер мәре сызығын кесіп өтті.

«Астананың» тағы бір шабандозы Франческо Гавацци бесінші болып келді. Жалпы есепте неміс шабандозы Omega Pharma-Quick Step командасынан Тони Мартин көш бастады.

Соңғы жаңалықтар