«Астана» велошабандозы Нибали «Джиро д'Италия» жарысының «корольдік» кезеңінде жеңімпаз атанды

АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Астана» командасының велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» көпкүндігінің «корольдік» кезеңінде женімпаз атанды, деп хабарлады Vesti.kz.
None
None

Нибали қашықтықтың соңғы шақырымдарында тауға қарай қуатты секіріс жасап, жеңіске жетті. Сөйтіп бәсекелестер «Астана» көшбасшысының шаңын қауып қалды. Оған жарыс жолындағы қар да бөгет бола алмады. 20-шы кезеңді колумбиялық Фабио Дуарте Нибалиден 17 секундтен кейін аяқтады, күштілердің үштігін тағы бір колумбиялық Ригоберто Уран тұйықтады. Қазақстандық команданың тағы бір шабандозы Фабио Ару алтыншы орынды иеленді.

Бұл жеңіс жарыстың бас жіктелімінде Нибалидің бірінші орынды иеленуіне кепілдік берді. Өйткені 26 мамырда өтетін спринтерлік кезең жалпы есептегі күштердің арасалмағына ықпал ете алмайды.

Соңғы жаңалықтар