Астана велошабандозы Нибали - Тиррено Адриатиконың екі дүркін жеңімпазы

Қысқа қашықтықта өткен соңғы 7 кезеңде Нибали 9,2 шақырымды 10 минут 51 секундта жүріп өтті. Ал кезеңде Әлем чемпионы Тони Мартин үздік атанды.
Нибалидің көрсеткіші жалпы есептегі бірінші орынды сақтап, велобәйгенің жеңімпаз жидесін киюге жеткілікті болатын. Жалпы есепте ол екінші орынды қанағат тұтқан Кристофер Фрумнан 23 секунд алда болды. Бұл жеңіспен Нибали Тиррено Адриатиконың екі дүркін жеңімпазы атағын да иемденді.
Сан-Бенедетто дель Торонтода өткен марапаттау салтанатынан соң Нибали: «Бұл менің екінші жеңісім. Бірақ осы жеңісім мен үшін өте қымбат, себебі мықты шабандоздар жиналған жарыста екі рет қатарынан жеңіске жету, қай спортшыға болмасын үлкен мәртебе", - деп қуанышымен бөлісті.
Ақпан айында өткен Оман турында Фрум Нибалиді артта қалдырса, қаңтарда Сан Луиста өткен жарыста Альберто Контадор «Астана» шабандозын шаң қаптырып кеткен еді.
"Астана» велокомандасының сапына қосылған сәттен жасалып жатқан жұмыстар жемісін бере бастады. Джиро д'Италия басты мақсатым, сондықтан менің барлық дайындығым осыған жетуді көздейді. Әрбір жаттығуымды, әрбір күнімді жоспарлауға жағдай жасалды. Әркүн сайын мен өзімнің күшейіп келе жатқанымды сездім», - деді Нибали.
Сейсенбі күні өткен жеке есептегі жарысқа Нибали бастаған команда мүшелері тыңғылықты еңбек етті. Себебі жарыс жолында қателікке бой алдыру жеңілістің бірінші себебі болар еді. Жеке есептегі көрсеткішті жақсарту мақсатында Нибалиге көмекке тек өз ісінің мамандары ғана жұмылдырылды.
"Specialized Racing ұжымы жеке есеп жарыстарына арналған велосипедке дұрыс отыруымды, өзімді жайлы сезінуім үшін көп еңбек етті. Аргентина мен бүгінгі жарыстың нәтижелері жtр мен көктей. Бұл ең алдымен Джироға дайындығым дұрыс жолда екендігін аңғартса керек, ендігі жерде жарыстың осы түріндегі көрсеткішімді арттыруға бағытталған жұмысты тоқтатпау керек», - деді Нибали.