«Астана» велошабандозы Паоло Тиралонго Джиродағы 7-інші кезеңде жеңіске жетті

АСТАНА. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Pro Team Astana-ның итальяндық жарысушысы Паоло Тиралонго Рокке ди Камбьодағы Giro d'Italia велокөпкүндігінің 7-нші кезеңінің жеңімпазы атанды. Жарыс мәресінде ол танымал итальяндық Микеле Скарпониден озып кетті, деп хабарлады ҚР Велосипед спорты федерациясының баспасөз қызметінен.

«Астана» велошабандозы Паоло Тиралонго Джиродағы 7-інші кезеңде жеңіске жетті

Бұл Паоло Тиралонгоның Джиро кезеңдеріндегі екінші жеңісі, 2011 жылы ол Макуньяга ауылындағы кезеңде бірінші болып келген еді.

Джироның сегіз кезеңінің қорытындысы бойынша, ProTeam Astana-ның екі шабандозы Бас классификациялаудағы үздік бестіктің құрамына енді. Жарыс көбасшысы канадалық Ридер Хесъедалдан 15 секундқа артта қалған Паоло Тиралонго - үшінші, Роман Кройцигер төртінші орында. Ол көшбасшыдан 35 секундқа артта қалды.  

«Джиро ди Италия 2012» велокөпкүндігі дара бөлініспен Миланда 27 мамыр күні аяқталады. ProTeam Astana-ның Джиродағы капитаны - чехиялық Роман Кройцигер.

Джиро д'Италия (итал. Giro d'Italia) - танымал көпкүндік веложарыс, Еуропадағы ірі веложарыстардың бірі (Тур-де-Франс және Вуэльтамен қатар). Жыл сайын Италия аумағында әдетте мамыр-маусым айларында өтеді.

Жарыста үш түсті жейде ойнатылады:

Қызғылт түсті жейде (итал. Maglia rosa) жарыста ең беделді болып табылады және Бас классификацияның көшбасшысына беріледі, Тур де Франстың сары жейдесіне ұқсас. Бұл түске Gazzetta dello Sport-тың беттерінің түсінен алған.

Ақ жейде (итал. Maglia bianca) үздік жас жарысушы (25 жасқа дейін) классификациялауында көшбасшы атанған спортшыға беріледі. 2011 жылы ақ жейдені Pro Team Astana-ның шабандозы Роман Кройцигер жеңіп алды.

Жасыл жейде (итал. Maglia verde) таулы классификацияда ең жоғары ұпай жинаған спортшыға беріледі.