«Астана» велошабандозы «Тиррено-Адриатико» көпкүндігінде жеңіске жетті

АСТАНА. 13 наурыз. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының шабандозы италиялық Винченцо Нибали «Тиррено-Адриатико» көпкүндігінде жеңіске жетті,
None
None

деп хабарлады «Аламан» спорт порталы.

«Астана» шабандозы Кристофер Фрум мен Альберто Контадорды артқа тастады. Бұл отандық команданың осы маусымдағы алғашқы жеңісі.

Бұл жеңістен кейін «Астана» командасы Халықаралық велоспорт федерациясының рейтингінде 18-орыннан, бесінші орынға бірден көтерілді. Ал Нибалидің өзі велоспортшылар рейтингінде үшінші сатыға жайғасты.

«Тиррено-Адриатико» көпкүндігі:

1. Винченцо Нибали (Италия, Astana);
2. Крис Фрум (Ұлыбритания, Team Sky) +23;
3. Альберто Контадор (Испания, Saxo - Tinkoff) +52;
4. Михал Квятковски (Польша, Omega Pharma-Quick-Step) +53;
5. Хоаким Родригес (Испания, Katyusha) +54;
6. Крис Хорнер (АҚШ, RadioShack) +1:21;
7. Мауро Сантамброджо (Италия, Vini Fantini) +2:03;
8. Андрей Амадор (Коста-Рика, Movistar) +2:42;
9. Пшемыслав Немец (Польша, Lampre) +3:19;
10. Ваут Пулс (Голландия, Vacansoleil) +3:35.

Соңғы жаңалықтар