«Астана» велошабандозы «Тур де Франс» кезеңінде 7-ші орынға тұрақтады

АСТАНА. 1 шілде. ҚазАқпарат - «Астана» қазақстандық командасының италияндық шабандозы Франческо Гавацци маусымның ең беделді көпкүндігі «Тур де Франстың» екінші кезеңінің қорытындысы бойынша жетінші сатыға тұрақтады.
None
None

Бұл туралы Vesti.kz жазып отыр.

Гавацци жарыс сапындағы өзге велошабандоздар секілді жеңімпаз - Ян Бакелантсқа бір минутқа есе жіберді. Белгиялық мәре сызығына бірнеше шақырым қалғанда топ жарып, оған жетіп алу мүмкін болмады. Атап өткен абзал, мәре сызығын кесіп өткен алғашқы 40 шабандоздың арасында Гаваццидан басқа «Астана» құрамасының өкілдері болмады.

Екінші орын словакиялық Петер Саганға бұйыртса, үштікті поляк Михал Квятковский түйіндеді.

Велошабандоздар 1 шілде күні Аяччо мен Кальви қалаларының арасындағы 145,5 шақырымды бағындыратын болады. Үшінші орташа тау кезеңі пелотон үшін Корсиктегі соңғы жарыс болып табылады. Одан кейін спортшылар Ниццаға аттанады. Онда жеке сөре бойынша командалық жарыс өтпек.

Соңғы жаңалықтар
Референдум