«Астана» велошабандозы «Тур де Франстың» 14-ші кезеңінде екінші орынға табан тіреді
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Тур де Франстың» 14-ші кезеңінде екінші орынға табан тіреді, деп жазады Sports.kz.
Поляк Рафал Майка бұл этапта топ жарса, француз Жак Перо жерлесімізден кейінгі үшінші орынды қанағат тұтты.
Жалпы есепте Нибали көш бастап келеді. Одан кейін испандық Алехандро Вальверде мен Роман Барде тұр.
«Тур де Франс».
14-ші кезең. Гренобль - Ризуль.
177 км.
1. Рафал Майка (Польша, «Tinkoff-Saxo») - 5:08:27
2. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - +0:24
3. Жак Перо (Франция, AG2R) - +0:26
Жалпы есеп бойынша:
1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - 61:52:54
2. Алехандро Вальверде (Испания, «Movistar») - +4:37.
3. Роман Барде (Франция, AG2R) - +4:50.