«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» тоғызыншы кезеңінде 19-шы болып келді

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия», көпкүндік веложарысының тоғызыншы кезеңі аяқталды, деп хабарлады Sports.kz.

«Астана» велошабандозы Винченцо  Нибали «Джиро д'Италия» тоғызыншы кезеңінде 19-шы болып келді

Онда «бөлек» жарыстың жеңімпазы «Lotto NL-Jumbo» командасынан словеналық Примож Роглич жеңімпаз атанды, екінші болып «IAM Cycling» клубынан австриялық Маттиаса Брендле, «IAM Cycling» командасынан норвегиялық Стэйк Лёнген Вегард үшінші болды.

«Астана» капитаны Винченцо Нибали жарысты 19-шы болып аяқтады. «Астананың» басқа шабандоздары төмендегідей нәтижелер көрсетті: Якоб Фульсанг - 28-ші Танел Кангерт - 49-шы, Эрос Капекки - 83-ші, Валерио Аньоли - 97-ші, Бақтияр Қожатаев - 122-ші, Давиде Малакарне - 146-шы, Андрей Зейц - 147-ші, Микеле Скарпони - 163-ші болып аяқтады.

Жалпы есеп:
1. Джанлука Брамбилла (Италия, «Etixx-Quick Step») - 34:33:04

2. Боб Юнгельс (Люксембург, «Etixx-Quick Step») - +0:01

3. Андрей Амадор (Коста-Рика, «Movistar») - +0:32

5. Винченцо Нибали (Италия, «Астана») - +0:53