«Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» 19-шы кезеңінің жеңімпазы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Джиро д'Италия» көпкүндік веложарысының 19-кезеңі аяқталды, оған қатысушылар таулы жолбағытпен  162 шақырымды еңсерді, деп хабарлады  Sports.kz.

 «Астана» велошабандозы Винченцо Нибали «Джиро д'Италия» 19-шы кезеңінің жеңімпазы болды

«Астана» капитаны Винченцо Нибали кезеңнің мәре сызығын бірінші болып кесіп өтті. Сөйтіп, «Sky»командасынан испандық Микель Ниевені екінші орынға ығыстырды, ал «Orica-GreenEdge» клубынан колумбиялық Эстебан Чавес үшінші болып келді.

 «Джиро д'Италия». 19-шы кезең

Пинероло - Ризуль. 162 шақырым

1. Винченцо Нибали (Италия, «Астана»)

2. Микель Ниеве (Испания, «Sky»)

3. Эстебан Чавес (Колумбия, «Orica-GreenEdge»).