«Астана» велошабандозы «Вуэльта» жалпы кестесінде 5-орынға шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» велокомандасының мүшесі Испания Вуэльтасының 13-кезеңінен кейін жалпы кестенің 5-сатысына көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат «SPORTINFORM»-ға сілтеме жасап.
None
None

13-кезеңнің жеңімпазы испаниялық Оскар Родригес болды. Колумбиялық Наиро Кинтана жалпы есептегі фавориттердің ішіндегі мәре сызығын Родригестен 2 минут 32 секунд кейін кесіп өтті. Одан соң 6 секунд өткенде Саймон Йейтс келді. Ал Мигель Анхель Лопес Кинтанадан 20 секунд кешікті. «Астана» капитаны бас классификацияда жоғарылап, 5-орынға тұрақтады. Ол көшбасшы Хесус Эррададан +2.23 секунд артта қалып жатыр. Сондай-ақ Лопес жас классификациядағы лидерлігін сақтап қалды.

Жарыстың келесі, таудағы кезеңі бүгін, 8 қыркүйек күні өтеді. Пелотон Систьерна қаласынан жолға шығып, Лес Праэрес де Неваға дейінгі 171 километрге созылған бірінші санатқа жататын қиын жолды бағындыруы тиіс.

Соңғы жаңалықтар