«Астана» велошабандозының арқасына тотықұс қонып алды - ВИДЕО

АСТАНА. ҚазАқпарат - Astana Pro Team велошабандозы Микеле Скарпонидің арқасына көк-сары түсті тотықұс қонды, оған Фрэнки есімі берілді. Facebook-тағы команданың ресми парақшасында «Мен және Фрэнки» атауымен ерекше видео пайда болды.

«Астана» велошабандозының арқасына тотықұс қонып алды - ВИДЕО

«Таңдаған бапкерің керемет екен», - деген пікір қалдырды парақшаға жазылушылардың бірі.

Еске салсақ, таяуда команда Лангкави Турында жарысын аяқтады, онда сегіз кезеңнің бесеуінде «Астана» жеңіске жетті. «Астана» спортшылары шығатын келесі жарыс осы күндері Тосканада өтіп жатыр.