Астана Vino велокомандасы Қытайда топ жарды

АСТАНА.ҚазАқпарат - Астана Моторс Vino 4ever велокомандасы Қытайда өткен «Tour of Qinghai Lake» халқаралық веложарысында «Азияның ең үздік командасы» атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Астана Vino велокомандасы Қытайда топ жарды

null
Турдың соңғы 13-кезеңінде Vino командасының шабандозы Евгений Гидич 2 сағат 13 минут 58 секундтық нәтижемен жеңімпаз атанып, жалпы есепте екінші орыннан көрінді.

13 күнге созылған байрақты бәсекеге әлемнің 23 каомандасы қатысып, Цинхай Tianyoude командасы бас жұлдені жеңіп алса, астаналық команда жалпы есепте төртінші болып, «Азияның ең үздік командасы» атанды.
null